Жарықты электрге айналдыру мүмкін бе
Жарықты электрге айналдыру мүмкін бе
5 жыл бұрын 2944 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасанды жарықтың өзі электрден шықпай ма? Ендеше неге сол жасанды жарықтың өзін электрге айналдырмасқа? Ғалымдардың айтуынша, бұл мүмкін нәрсе. ekovolga.com ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, қазіргі уақытта ғалымдар бұл бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Флорида университетінің физиктері ресми мәлімдемесінде жарықтың түсін келесі буын үшін тұрақтандыруға қол жеткізгендерін мәлімдеді. Бұған қалай қол жеткізді? Ол үшін оптикалық технологияның көмегіне жүгінген. Бұл бағытта зерттеу жұмыстарына атсалысқан ғалымдардың бірі, физика ғылымының доценті Ханвэй Гао мен аспирант Си Ван "галогенидті перовскит" деп аталатын материалдар класымен жұмыс істеген. Олардың сөзіне қарағанда, аталмыш материал оптикалық-электронды технология үшін маңызы зор, сонымен қатар, тиімділігі жоғары әрі арзанға түседі. Түстің құбылмалығы галогенидті перовскитпен байланысты. Алайда, ол тұрақсыз. Мәселен, аталмыш материал салынған құрылғы бір түспен, мәселен, жасыл түспен жарық шашуы мүмкін, алайда, ультракүлгін жарық түсірілсе, дереу қызыл түске айналады. Гао мен Ван және магниттік поля зертханасының қызметкері Ян Син, Шанхай университетінің профессоры Шанчао Лин оны қалай тұрақтандыруға болатынын түсіндірді. Гао мен Ван алғашында әлдеқайда тегіс әрі бір текті қылатын галогенидті перовскит таспасын жасамақ болған. Олар арнайы матрицаға нанокристалды түзген. Олар материал шығаратын және сіңіретін жарық түсін анықтауға мүмкіндік беретін физикалық қасиетін білмеген. "Біз синтетикалық тәсілмен және осы наноқұрылыммен жұмыс істедік. Сол кезде түстің өзгермейтінін байқадық"- деді олар. Бұл ерекше наноқұрылым бұрын тұрақсыз материалды тұрақты материалға айналдырған, тіпті, күн сәулесіне қарағанда 4000 есе қарқынды ультракүлгін түспен жарықтандырса да. 

0 пікір
Мұрағат