Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады
Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады
4 жыл бұрын 4265 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары инсулинді істеп шығаратын ұйқы безінің бета-жасушасын аутоиммунның жоюына жол бермейтін затты тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде инслуинге тәуелді сусамырдың (бірінші типтегі) алдын алуға, тіпті, емдеуге мүмкіндік береді. Бұл жайында немістердің сусамырды зерттеу орталығының (DZD) баспасөз қызметі хабарлады. Бірінші типтегі сусамыр қант диабетінің ең ауыр түрі. Бірінші типтегі сусамырмен ауыратын адам өмір бойы өзіне инсулин инъекциясын жасауға тура келеді. Өйткені, гормонды істеп шығаратын бауырдың бета-жасушасын өзінің иммундық жасушасы аутоиммундық реакциядан жойып отырады. Неміс ғалымдары сау адамда Т-жасушасы (Tregs) иммунитетінің топ бөлігі жасушаларының иммундық жүйенің өз тініне қарсы белсенділігін басатынына көз жеткізген болатын. Ал ауру адамдарда бұл болмайды. Бұл арада Tregs жасушасы қызметінің бұзылуына микроРНК (miRNA142−3p) құрамының тым жоғары болатыны шешуші әсерін тигізетіні белгілі болды. Біз сөз етіп отырған микроРНК тұтас генетикалық каскад реакциясын тудырады. Ақырында реттеуші Т-жасушасы тұрақты жұмыс істеуден қалып, ұйқы безінің бета-жасушасының аутоиммундық тұрғыдан жойылуына жол береді. Ғалымдар тәжірибе барысында арнайы дәрінің көмегімен miRNA142−3p-ті бұғаттай алған еді. Бұл реттеуші Т-жасушасының тұрақтылығын қалпына келтіріп, бета-жасушаға қатысты аутоиммундық ықпалды төмендетті әрі ұйқы безі инсулинді өзі істеп шығаратын болды.

Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады

Америкалық ғалымдар гендік инженерияның көмегімен жасуша жасады. Көгілдір түсті жарық түсіргенде сусамырмен ауыратындардың ағзасында инсулин істеп шығара алатын. Бұл жайында Eurekalert ақпарат көзі ACS Synthetic Biology басылымында жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып хабар таратты. Сусамыр дертіне шалдыққандар организімі жасушаның негізгі энергия көзі - глюкозаны сіңіре алмайды . Бұл бірнеше себептен болады: ұйқы безіндегі бета-жасушасы жасушаның глюкозаны сіңіруіне септігін тигізетін инсулин гормонын істеп шығарудан қалады (1-ші типтегі қант диабетіне шалдыққандарда) немесе организмдегі жасуша инслуинге тиісті деңгейде жауап қата алмайды (2-ші типтегі сусамырмен ауыратындарда). Қалай болған күнде де науқас шаншу процедурасы арқылы қан құрамындағы қанттың деңгейін тексеріп отыруға, инсулин иньекциясын я болмаса дәрі қабылдауына, организімінде глюкозаның азаюынан болатын жағымсыз халды сезінуіне тура келеді. Аталған проблемаларды шешу үшін Тафтса университетіне қарасты инженерия мектебінің ғалымдары оптогенетика құралын пайдаланған еді. Олар аденилатциклаздың фотобелсенді ферментін істеп шығаруға жауапты генді ұйқы безінің жасушасына кіріктірді. Аталмыш фермент көгілдір түсті жарықтың әсерімен әдеттегіден екі-үш есе инслуинді істеп шығара алады.

0 пікір
Мұрағат