Инфекциямен күресте жүйке жүйесінің шешуші рөл атқаратыны анықталды
Инфекциямен күресте жүйке жүйесінің шешуші рөл атқаратыны анықталды
6 ай бұрын 916 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Йель университетінің ғалымдары ішекті қауіпті инфекциялардан қорғауда жүйке жүйесінің жасушалары басты рөл атқаратынын анықтады. Бұл жайында аталмыш жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті. Бұрын инфекциямен күресте ішек «қабырғасындағы» иммундық жасушалар негізгі рөл атақарады деп саналып келген болатын. Жүйке жасушаларымен бірге олар да бактерияға қарсы затты – интерлейкин істеп шығарады. Алайда, тышқанға жүргізілген тәжірибе барысында бұл түсініктің жаңсақ екені белгілі болды. Тарқатып әрі нақтырақ айтсақ, ғалымдар тышқанның иммундық жасушаларынан интерлейкин-18-ді істеп шығаратын жасушаны алып тастағанда тышқан организімі инфекциямен күресуге қабілетті болып шыққан. Келесі кезекте интерлейкина-18-ді істеп шығаратын тышқанның жүйке жасушасын алып тастағанда, кеміргіштің иммунитеті «сал» болып қалған. Бұл жаңалық өз кезегінде ғалымдарға инфекциямен күресте тиімділігі жоғары дәрі жасауға мүмкіндік бермек. Ішек инфекциясымен күреске қарсы ағылшын ғалымдарының да еңбегін айта кетпеске болмайды. Ағылшындар антибиотикке бой бермейтін ішек инфекциясының ішіндегі ең қауіптісі саналатын Clostridium difficile бактериясына қарсы екпе әзірледі. Бұл жайында кезінде Journal of Biological Chemistry мерзімді басылымы хабар таратқан болатын. Clostridium difficile инфекциясы науқастың қандай да бір инфекцияға қарсы қолданған антибиотиктен ішегінің табиғи микрофлорасына қатты зақым келгендіктен бас көтеретін инфекция. Clostridium difficile антибиотикке төзімді келетіндіктен бір ғана АҚШ емханаларында жылына 15 мың пациенттің өліміне себеп болып жатады. Аталмыш инфекциядан, әсіресе, жасы егде тартқан адамдар бақилық болып жатады. Эксетер университетінің ғалымдары CD0873 ақуызын бөліп алуға қол жеткізді, ол Clostridium difficile инфекциясының ішекте орнығуына, яғни, бекуіне ықпал етеді. Осы ақуызды екпе ретінде тышқанға енгізіп көргенде тышқанның осы затқа төтеп беретін иммундық жүйесі нығайған. Бактерия ішекте орныға алмай улы затты бөлуін қойған. Ғалымдардың айтуынша, Clostridium difficile бактериясын өзіндік ерекшелігі бар бактериалды ақуыздың көмегімен емдеудің келешегі зор, өйткені, ішектің табиғи микрофлорасын жоятын антибиотикті қолданудың қажеті болмайды.

0 пікір
Мұрағат