Иіс жадысы психикалық ауруларды емдеуге көмектеседі
Иіс жадысы психикалық ауруларды емдеуге көмектеседі
4 жыл бұрын 2565 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иіс адам миында естеліктерді тірілте алады – иістің адам миында естеліктерді қалай тірілтетіні зерделенді.Learning and Memory мерзімді басылымында жарияланған Бостон университеті ғалымдарының осы бағытта жүргізген зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, жадыға байланысты ауытқуларды емдеу үшін иісті пайдалану тәсілінің әлеуеті зор. Тіпті, жағымсыз естеліктердің өзі жадыны жаңғыртуға көп көмегін тигізе алады. Дәстүрлі жады теориясының ұйғарымы бойынша адам естеліктері гиппокамппен өңделеді. Бұл процесс өз кезегінде өткен шақтағы сәттерді ұсақ-түйегіне дейін еске түсіруге мүмкіндік береді. Гиппока́мп — мидың лимбикалық жүйесі (иіске жауапты ми) және гиппокамптық формация. Эмоцияны қалыптастыруға, жадыны консолидациялауға (яғни, қысқа мерзімді жадыны ұзақ мерзімді етуге), т.б. атсалысады. Уақыт өте келе ми жасушаларының белсенділігі басылып, кей деталдарды ұмытуымыз мүмкін. Десе де адамдардың дені жарқын естеліктерді жылдар өтсе де ұмытпайтыны, ал иістің, тіпті, ұмытылған естелікті қалай тірілтетіні әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр. Бұл сауалдардың жауабын табу үшін ғалымдар тәжірибедегі тышқанда үрей туралы естелікті жасанды олмен қалыптастырды. Оған арнайы контейнерде әлсіз әрі зиянсыз электр ток берілді: нәтижесінде тышқандардың жартысы бадам экстрактісінің иісін сезсе, қалғаны қандай да бір иістің әсеріне ұшырамаған болатын. Келесі күні тышқандарды тәжірибе үшін таңдалып алынған сол контейнерге қайта әкеледі – олардың жадысында қалған естелікті тірілту үшін. Бұл жолы тышқандарға ток берілген жоқ, алайда, екі топта да гиппокамптың белсенділігін танытқан болатын. 20 күннен соң бадам иісін сезбеген тышқандар қорқыныш туралы естеліктерді миының префронталдық қабығына ауыстырған еді. Екінші тобы әлі де гиппокамптың белсенділігін танытудан танбаған болатын. Бұл нені білдіреді? Бұл иістің естелікті бүге-шігесіне дейін тірілтетін триггер ретінде қызмет ететінін білдіреді. Ғалымдардың пайымдауынша, болашақта бұл дерек адамның психикалық ауытқуларын емдеуде маңызды жаңалықтардың ашылуына түрткі болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат