Химиялық реакцияның алғашқы қалыптасу процесі тұңғыш рет таспаға тартылып алынды (видео)
Химиялық реакцияның алғашқы қалыптасу процесі тұңғыш рет таспаға тартылып алынды (видео)
4 жыл бұрын 2814 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдарға SLAC ұлттық желілік шапшаңдату зертханасындағы рентген лазерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, тарихта тұңғыш рет молекуланың қалыптасуына ұласатын екі атомның әлсіз байланысы түзіле бастаған өтпелі жағдайды таспаға тартып алудың сәті түсті. Бұл жетістік өз кезегінде әдетте адамдар энергия алуда, жаңа химиялық қоспа, дәрі-дәрмек, т.б. жасауда қолданатын химиялық реакцияның қалай басталатынын терең түсінуге мүмкіндік бермек. «Сіздердің көріп отырғандарыңыз – барлық химияның негізі»,- деп аталмыш тәжірибенің мәні мен маңызын түсіндіріп өтті SLAC зертханасының қызметкері әрі Стэнфорд университетінің профессоры Андерс Нильсон (Anders Nilsson). Осылай деген ол химиялық реакция кезінде атомдар мен молекулалар өтпелі жағдайда аз ғана уақытта болатынын әрі бұл уақыттың ұзақтығын болжап білу мүмкін емесін алға тартып, осындай жағдайда көрудің сәті түскенін жеткізді. Аталмыш тәжірибе SLAC Linac Coherent Light Source (LCLS) қайнар көзінің көмегімен жүргізілді. Бұл қайнар көз жарық шашатын атомдар мен молекулаларды өте қарқынды ете алады әрі рентгендік сәулеленудің импульсін барынша қысқа етеді – оның ұзақтығы таспаға тартып алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде химиялық реакцияның жекелеген кезеңдерін дәл тіркеп алуға мүмкіндік бермек. Бұрын бұл мүмкін емес болатын. Ғалымдар LCLS лазерінің көмегімен зерделеген химиялық реакция барлық автокөліктердің катализаторында кеңінен пайдаланылатын иіс газының (CO) каталитикалық жану (тотығу) реакциясы болатын. Реакция иіс газының және оттегінің молекулаларын ұстап қалатын каталитикалық материалдың беткі жағында өтеді. Жоғарыда сөз болған молекулалар айтарлық жақындасса, оттегі молекуласы екі атомға бөлініп, олардың біреуі иіс молекуласымен әрекеттесіп, көмірқышқыл газының молекуласын қалыптастырады. «Біз оттегі атомдарының белсенділікке бірінші болып көшкенін байқадық. Сәл кейін иіс газының молекуласы белсенді әрекетке көшті»,- деді Андерс Нильсон. Осылай дей келе ол секундтің бірнеше триллион үлесі біткенше олар бір-бірімен қақтығысып, сол аралықта жаңа молекула қалыптастырғанын жеткізді.

(Ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат