Голландиялықтардың бойы кенеттен ұзарып барады
Голландиялықтардың бойы кенеттен ұзарып барады
2 жыл бұрын 672

Шағын еуропалық Нидерланды елінің  тұрғындары соңғы бір жарым ғасырда шамамен 20 см-ге ұзарып, әлемдегі бойы ең ұзын адамдарға айналды. Бұл жайында nur.kz сайты «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ал «ҚазАқпарат» Science ақпарат көзіне сілтеме жасаған.

Әңгіме Голландияда туып-өскен байырғы халық жөнінде болып отыр. Олардың бойының орташа ұзындығы шамамен 185 сантиметрді құрайды. Бұл құбылысты зерттеуге Герт Стульптің басқаруымен Лондондық гигиена және тропикалық медицина мектебінің ғалымдары кірісті.

Зерттеу кезінде елдің үш солтүстік провинциясындағы жүз мыңдаған тұрғындар зерттелді.  45 жастан асқандарға көп көңіл бөлінді. Ғалымдар бойы ұзын голландық ерлерде бойы қысқаларға қарағанда балалары көбірек болатынын, онымен қоса олар некелерін жиірек бұзып, бірнеше әйелден балалары болатынын анықтады. Осылайша бойдың ұзын болуына жауап беретін гендер табиғи іріктеліп, өсіп-өну кезінде тарала түседі.

Стульптің пікірінше, голланд нәзік жандылары бойы ұзын ерлерді таңдайды.

Әйелдердің бойы мен балаларының саны арасында еш байланыс табылмады. Керісінше, бойы ұзын нәзік жандылар үшін әріптесін табу қиынырақ екен.

0 пікір