Геннің бірнеше фрагментін бір мезгілде редакциялайтын тәсіл табылды
Геннің бірнеше фрагментін бір мезгілде редакциялайтын тәсіл табылды
4 жыл бұрын 2278 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар геннің бірнеше фрагментін бір мезгілде редакциялауға мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Бұл тәсілді Торонто университетінің (Канада) ғалымдары ойлап тапқан, CHyMErA (Cas Hybrid for Multiplexed Editing and Screening Applications) деп аталатын жаңа құрал арқылы қолдануға болады. Бұл жайында Nature Biotechnology мерзімді басылымында айтылған. CRISPR/Cas құралымен ДНК-ны редакциялау кезінде адам генін зерделеуде төңкеріс жасаған жаңалық болды. Алайда, ол бір жасушадағы бірнеше генді немесе гендегі бірнеше фрагментті бір мезгілде кесіп тастауға мүмкіндік бермегендіктен ғалымдардың бұл бағыттағы зерттеуі бегілі бір тығырыққа тірелген еді. Гендерді бір мезгілде редакциялау өз кезегінде геннің түрлі бөліктерінің қалай бірге жұмыс істейтінін анықтауға мүмкіндік бермек. Генді редакциялаудың ChyMErA нұсқасының жұмыс істеу принципі CRISPR/Cas құралына ұқсайды. Алайда, ол бірден екі фрагментті (Cas9 және Cas12a) бір мезгілде редакциялауға мүмкіндік береді. Бұл арада екінші фрагменттің (Cas12a) жаңа технология үшін маңызды рөл атқаратынын айта кетпеске болмайды – жасушаға ДНК-ны бағыттайтын бірнеше молекуланы алуға мүмкіндік беретін фермент. Бұл өз кезегінде CHyMErA құралына геннің бірнеше учаскесін бір мезгілде редакциялауға мүмкіндік бермек. Осы орайда аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Майкл Ареггердің бұл технологияға қатысты мынадай пікірін бере кетуді жөн көріп отырмыз: «ChyMErA-мен біз екі ферменттің жақсысын пайдалана аламыз. Біз редакциялаудың ең тиімдісіне ие болу үшін Cas9-ды пайдаландық, ал Cas12a РНҚ-ны бағыттаушыны мультиплексирлеуге мүмкіндік бермек. Осыған орай біз кесіп алатын гендегі учаскілердің икемділігін қамтамасыз етеді».

РНҚ – рибонуклеиндік қышқыл.

Қарай отырыңыздар:

«CRISPR-Cas гендік редакциялаудың қауіпсіз тәсілі сынақтан сәтті өтті» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/crispr-cas-gendik-redaktsiyalaudyn-qauipsiz-tasili-synaqtan-satti-otti-13244/#gsc.tab=0);

«Зағиптердің көру қабілетін қалыптастыру үшін генді редакциялайтын әдіс қолданды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/zagipterdin-koru-qabiletin-qalyptastyru-ushin-gendi-redaktsiyalaityn-adis-qoldandy-13295/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат