Ғалымдар Таразы шоқжұлдызынан сигналды «ұстап» алды
Ғалымдар Таразы шоқжұлдызынан сигналды «ұстап» алды
9 жыл бұрын 3773

Лондон қаласындағы ханшайым Мария және  Хартфордшир университеттерінің астрофизиктері Жерден жарық жылдамдығымен есептегенде 22 жыл қашық жатқан, Күн жүйесінен тысқары жатқан Таразы шоқжұлдызындағы Gliese 581d планетасынан сигналды тіркеді. Бұл жайында Inquisitr.com ақпарат көзі хабар таратты. Осыдан бірнеше жыл бұрын астрономдар Gliese 581d планетасын таулы қыраттардан тұратын тіршілік етуге жарамды деп тапқан болатын. Аспан денесінің салмағы жерден 6-8 есе көп, ал көлемі жағынан келгенде екі есе үлкен. Компьютерлік үлгісі көрсеткендей, онда су мұхиты бар, ал атмосферасында бұлт пен жауын-шашын болады. Аталмыш планетадан 2010 жылы сигнал тіркелген болатын. Алайда, АҚШ-тың Пенсильвания университетінің зерттеушілері өткен жылы бұл сигналды «жарықтың құбылуынан және магниттік сәулеленуден» орын алғандығын, ондай планетаның жоқтығын алға тартқан болатын. Нақтырақ айтқанда, бұл құбылысты бар-жоғы жұлдыздар белсенділігінің артафектасына жатқызған еді. Ал британдық зерттеушілердің айтуынша, америкалық әріптестері мәліметті дұрыс талдамаған. Бұл сигнал бірнеше айдан кейін қайталанып отырған.  

1 пікір
Мұрағат