Ғалымдар тахник амалының дұрыстығын дәлелдеді
Ғалымдар тахник амалының дұрыстығын дәлелдеді
8 жыл бұрын 6362 muftyat.kz

Пайғамбарымыздың (ﷺ)  жаңа туған сәбидің аузына ең алдымен құрманың бір түйірін салғаны туралы хадис-шәрптерде көп кездеседі. Құрманы шайнап, сәбидің таңдайына жағатын болған. Бұл сүннет исламда «тахник» деп аталады. Ғалымдар Пайғамбарымыздың (ﷺ) мың төрт жүз жылдан астам уақыт бұрын көрсетіп кеткен осы сүннетінің бала денсаулығына пайдалы екенін дәлелдеген. 

Ғалымдар баланың таңдайына гель түріндегі глюкозаны үйкеу жетілмей туған балалардың миына зақым келуден сақтайды дейді. Жаңа Зеландия зерттеушілері 242 нәрестеге тәжірибе жасап, нәтижесінде жаңа туған сәбиге алғаш жасалатын тәртіптердің қатарына қосу керек деген шешімге келді. 

Ал, Пайғамбарымыздың (ﷺ)  еш нәрсеге тең келмейтін ана сүті тұрғанда, баланың ең бірінші ауызына құрманы салуының себебі мынадай. Құрма ана сүтінде кездеспейтін амино қышқылын қуаттайды.  Жаңа туған сәби осы негізде қуатының үлкен бөлігін құрмадан алуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат