Ғалымдар семіздіктің басқа себебін тапты
Ғалымдар семіздіктің басқа себебін тапты
6 жыл бұрын 2850

Ғалымдар көп тамақ жеу мен физикалық қимыл-қозғалыстың жоқтығынан ғана артық салмақ жиналады деген пікірді жоққа шығарды. Олар зерттеу нәтижесін америкалық Дьюк университетінің сайтына жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеушілер дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанғанмен, адам организмінде ақуыздың анкирин-В атты ерекше түрі бар болса, ол артық салмақ жинай береді деген шешім шығарды. Ғалымдар мұны тышқанға жасаған тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Тәжірибе барысында кейбір тышқанның май клеткалары глюкозаны мөлшерден тыс сорып алған. Егер бұған өзгеріп отыратын метоболизмді және майлы диетаны қоссақ, онда артық салмақтан арылу мүмкін емес болады.

Биологтардың айтуынша, ата-бабаларымыз аштық кезінде анкирин-В-ны май қоры ретінде сақтаған. Ал қазіргі заманда тамақ жеткілікті. Сондықтан ол тек артық салмақ жинауға себеп болады.

Қарашаның басында АҚШ-тың Бейлор медициналық колледжінде аспросин гормоны мидағы тәбет пен дене массасын қадағалап отыратын бөліктің белсенділігін реттеп отыратынын анықтады. Мұндай белсенділікті басқаннан кейін жиі қарын ашпай, жейтін тамақ мөлшері азаяды. Сондықтан аспросин концентрациясының азаюына байланысты май басудың жаңа әдістерін әзірлеуге болады.

0 пікір
Мұрағат