Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді
Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді
5 жыл бұрын 3337 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар гендік деңгейде май жасушасының өсуіне немесе оның өсуін тоқтатуға мүмкіндік беретін жасуша ішіндегі тетікті басқаруды үйренді. Бұл жайында New Atlas ақпарат көзі хабар таратты. Техас университетінің оңтүстік-батыс медициналық орталығының ғалымдары микроРНК miR-26 молекуласының шағын класының рөлін талдаған. Белгілі болғандай, miR-26 семіздікке апарып соқтыратын ген экспрессиясын (ДНК коды негізінде ақуыз өндірісін) төмендететін болып шықты. miR-26 үшін нысана табылды - ген FBXL19. Оны бұғаттаған кезде май жасушасының пайда болуы күрт төмендеген. Ғалымдар "Гендік кездік» CRISPR/Cas9 көмегімен зертханадағы тәжірибе жүргізілген тышқандардан микроРНК miR-26 «әулетін» көбейтетін үш генді алып тастады. Нәтижесінде тышқандар есейгенде өзге ұяластарына қарағанда май жасушасын 2-3 есе артығымен жинаған болатын. Керісінше тышқандар геніне miR-26 санын арттыратын өзіндік ерекшелігін үстемелегенде салмақ қоспай, сау ағзасын сақтай алған. Модифицияланған тышқан мен кәдімгі тышқанды құрамында майы көп азықпен қоректендіргенде қалыпты тышқандар аз уақыттың ішінде салмақ жинап, ағзасындағы май 40 пайызға артып кеткен. Ал гендік модифиялынған тышқанның қанындағы қант керісінше азайған. miR-26 деңгейін арттырғанда қандай да бір уланғанның белгісі байқалмады. Ғалымдар осы жаңалықтың негізінде семіздікке қарсы дәрі жасауға бел буып отыр. Қазіргі уақытта ғалымдар FBXL19 гені май жасушасын қалай қалыптастыратынын анықтауға кірісті.

0 пікір
Мұрағат