Ғалымдар «жүктілік кезінде дамуды уақытша үзіліске қоя тұратын» тәсілді ойлап тапты
Ғалымдар «жүктілік кезінде дамуды уақытша үзіліске қоя тұратын» тәсілді ойлап тапты
7 жыл бұрын 4078 qamshy.kz

Калифорнияның мамандары жүктілікті белгілі бір уақытқа тоқтатуға болатын немесе үзіліске қоятын тәсілді ойлап тапты. Әзірге ғалымдар 30 күнге ғана тоқтатуға болатынын айтып отыр, одан кейін ұрық табиғи жолмен дами береді. Калифорниялық университеттің зерттеушілері кеміргіштердің эмбрионын тәжірибеде сынап, қалыптасу үрдісін бақылай келе ұрықтың дамуын толығымен уақытша тоқтатты. Кейіннен дамуын қайта жалғастыру үрдісін іске қосты. «Үзілістен кейін» дүниеге келген ұрпақ сап-сау болып туылған. Оны мәңгілік үзілісте ұстап тұру мүмкін емес екенін алға тартады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай үрдіс эмбриологияда ғана емес, қатерлі ісік пен ағзаның қартаюында да көмектеседі. Олардың дамуын уақытша тоқтатып, «үзіліс режиміне» қояды. Бұл онкологиялық ауруларды емдеуде жаңа жолдарды ашуға мүмкіндік береді. Ғалымдар: «үзілістің» уақытын ұзартуға болады, тек ол өте көп мөлшерде қоректік затты қажет етеді. Бұл өз кезегінде ананың денсаулығына кері әсерін тигізеді» деп мәлімдеп отыр.

0 пікір
Мұрағат