Ғалымдар Жер бетінде жанартаулардың жаппай атқылайтынын мәлімдеді
Ғалымдар Жер бетінде жанартаулардың жаппай атқылайтынын мәлімдеді
6 жыл бұрын 6564

Климатологтар мен жанартау белсенділігін зерттеумен айналысатын мамандардың айтуынша, жанартаулардың жаппай атқылауы немесе шамадан тыс белсенділігі бес минут ішінде Жер шарының бір бөлігін өмір сүруге жарамсыз аймаққа айналдыра алады.

Бұл туралы life.ru-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мамандар мұздықтардың еруі мен планетадағы жалпы температураның жоғарылауы алдағы он жылдықта барлық жанартаулардың атқылауына әкеп соғады. Ғалымдардың пайымдауынша, температураның төмендігі және арктикалық мұздардың еруі жағдайды тек ушықтыра түседі.

Миллиондаған жылдардан бері мұз жамылғысы қоршаған ортаны атқылаудан қорғап келген. Алайда, адамзат өзінің іс-әрекеттерімен жаһандық зілзаланы жақындатты.

Климаттың өзгеруі, тіпті, бұған дейін гипотезалық болып саналып келген жанартауларға да әсер еткен. Мысалы, Канадаға қарасты Британдық Колумбия аймағында орналасқан Миджер жанартауы. Ол соңғы рет осыдан 2,5 мың жыл бұрын атқылаған болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат