Ғалымдар екі аяқты алып қолтырауынның қаңқасын тапты
Ғалымдар екі аяқты алып қолтырауынның қаңқасын тапты
2 жыл бұрын 1004

Америкалық палеонтологтар крокодиломорфаның компьютерде бейнесін қалпына келтірді. Оның қаңқасы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының аумағынан осыдан он жыл бұрын табылған болатын. Бұл жайында Naked Science ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жыртқыш аталған мекенде осыдан 231 млн жыл бұрын, яғни, динозаврлар дәуіріне дейін тіршілік еткен. Carnufex carolinensis қолтырауынының бойы үш метрге жетеқабыл болған. Ғалымдардың айтуынша, алдыңғы аяғының қысқа болғанына қарағанда ол артқы аяғымен жүрген. Яғни, бұл жағынан тринозаврға ұқсайды. Зерттеушілер, сондай-ақ, оның ұсақ шөп қоректілерін аулағанын айтып отыр. Яғни, бүгінгі сүт қоректілердің арғы «атасы» болып табылатын архозаврларды, этозаврларды және дицинодонттарларды азық еткен. Бұл жыртқыштың бүгінгі қолтырауынның арғы «атасы» болғанын айтып отыр ғалымдар. Ол тіршілік еткен Солтүстік Каролина сол уақытта Пангея суперқұрлығының бір бөлігі болған. Мұндағы жылы әрі ылғалды мол экваторлы климат олардың өсіп-өнуіне қолайлы болған.

0 пікір