Ғалымдар болашақта жер жүзінен уақыттың жойылатынын айтты
Ғалымдар болашақта жер жүзінен уақыттың жойылатынын айтты
2 жыл бұрын 1901

Испандық ғалымдар жылдамдық алған сайын Жер жүзін кеңейте түсетін "қара энергия" жоқ деген тұжырымға келді. Олардың пайымынша, материя да жоқ, ал уақыт деген ұғым санамыздан мүлде жойылуы мүмкін.

Мұндай мәлімдемесімен белгілі ғылыми журналға миллиардтаған жылдардан кейін уақыттың жоғалып кететіні туралы еңбектерін жариялаған ғалымдар Хосе Сеньовилла, Марк Марс пен Рауль Вера бөлісіп отыр.

Олардың бұл идеясын негізсіз деп айтуға да болмайды, себебі уақыт жылдамдығының бәсеңдеп бара жатқаны баршаға аян дүние, алайда уақыттың мүлде тоқтайтыны туралы күні бүгінге дейін ешкім мәлімдеп көрмепті. Бұл теорияны шындыққа жанастырып тұрған уақыттың бәсеңдеуі ғана емес.

Кэмбридж университетінің космологі Гэри Гиббонс те уақыт тығырыққа таяп қалды дегенге қосылатын тәрізді. Себебі, оның айтуынша, уақыттың өзі Үлкен жарылыс салдарына пайда болған, яғни сол уақыттан бері кері құбылыстың орын алуы ғажап емес, деп жазады Planet Today порталы.

"Уақыт жойылады" деген тұжырымның қаншалықты "қорқынышты" естілгеніне қарамастан, ғалымдар адамзатты қатты алаңдамауға шақырады. Себебі бұл құбылыс бірнеше миллиардтаған жылдардан соң орын алатын көрінеді. Ол кезде, ғалымдардың айтуынша, адамзат та, Жер шары да болмайды.

 

1 пікір
  • Аллаға және ақирет күніне иман еткен жандар үшін ештеңе емес.Мұндай нәрседен тек Құдайсыздар қорқады.
    2 жыл бұрын