Ғалымдар антибиотикті программаланатын вируспен алмастыруды ойластырып отыр
Ғалымдар антибиотикті программаланатын вируспен алмастыруды ойластырып отыр
4 жыл бұрын 2758 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Felix компаниясының ғалымдары антибиотикті программаланатын вирустармен алмастыруды көздеп отыр. Вирустар өз кезегінде бактерияларға «жұғып», олардың өсіп-өнуін тоқтатады. Бұл жаңалық өз кезегінде соңғы жылдары адамзатты толғандырып отырған проблеманы – бактериялардың антибиотикке деген төзімділігімен күресу проблемасын еңсеруге мүмкіндік бермек.

Felix стартапы құрылтайшыларының бірі Роберт Макбрайдтың түсіндіруінше, аталмыш технология вирустарды бактериялар шоғырланған нақты бір тұсқа бағыттауға көмектеседі. Осылайша бактерияларды жойып қоймай, олардың дамуын тоқтатуға болады. Десе де вирусты бактерияларға қарсы қолдану идеясы бұрыннан барын айта кету керек. Бактерияны «жұқпалы індетке» шалдықтыратын бактериографтар немесе вирустар тарихта тұңғыш рет 1915 жылы табылған болатын. Ал коммерциаланған фаготерапия АҚШ-та 1940-шы жылдары Eli Lilly and Company компаниясының ұйытқы болуымен басталған еді. Алайда, аталмыш терпаияны батыс елдері дамытпай, орта жолдан тастап кетті. Осы күні стандартты дәрі-дәрмекпен бактерияға қарсы күресу дәрменсіздікке ұрындырып отырғанын ескерсек, мұндай терапияның келешегі зор болмақ. Роберт Макбрайд TechCrunch мерзімді басылымына берген сұхбатында мұндай терпанияның антибиотикті дайындауға кететін шығынмен салыстырғанда арзанға түсетінін алға тартып отыр. Келесі қадамда өз еркімен тәжірибеге қатысқысы келетіндерден 30 адамға клиникалық сынақ өткізіледі. Содан соң бұл технологияны одан ары жетілдіру жағы қолға алынады. Тәжірибе нәтижесіне қарай. Осыдан кейін бұл технологияны науқастарға жаппай қолданып көреді. Осы кезеңдерден кейін стартап FDA-ға өтініш беріледі. Сөз орайы келгенде жылына инфекциялық аурулардан 10 млн-нан аса адам опат болатынын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат