Ғалымдар адамды тұңғыш рет анабиоз халіне келтірді
Ғалымдар адамды тұңғыш рет анабиоз халіне келтірді
4 жыл бұрын 8905 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ ғалымдары тәжірибе барысында адамды тұңғыш рет анабиоз халіне келтірді. Бұл жайында New Scientist ақпарат көзі хабар таратты. Америкалық ғалымдардың мұндай қадамға баруына өміріне қауіпті аса ауыр жарақат алған адамдардың емханаға жетпей немесе хирургтер медициналық көмек көрсеткенше үлгермей үзіліп кететіні түрткі болған еді.

Алдымен анабиоз деген не екенін айта кетейік: аталмыш терминнің мағынасы ағзадағы процестерді уақытша баяулатуға немесе тоқтата тұруға саяды. Сыртқы немесе ішкі факторлардың әсерімен. Грек тілінен ἀνα-βίωσις, ἀνα-βίωσεως алынған сөзің мағынасы өмірге қайтып оралу мағынасын береді. Анабиоз күйіне түскен адамның тыныс алғаны да білінбейді – арнайы аппаратпен анықтамаса. Бұл сөзді терминге Вильгельм Прейер есімді неміс ғалымы 1873 жылы айналдырған болатын. Анабиоз жарақат алған адамның өмірін құтқарып қалуға септігін тигізіп қоймай, сонымен қатар, ғарышқа сапар шеккен адамның ұзақ қашықтықты еңсеруіне мүмкіндік береді.

Балтимордағы Мэриленд медицина университетінің жоғарғы мектеп ғалымы Сэмюэл Тишерман әріптестерімен бір пациентті анабиоз күйіне түсіре алған. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, адам ағзасын Цельсия бойынша шамамен 10-15 градусқа дейін салқындатқан – нөлдік температураға дейін салқындатылған физраствормен қанды алмастыру арқылы. Бұл сәтте адам миының қызметі толықтай тоқтайды. Осыдан кейін хирургтер отасын жасап болған соң науқастың дене температурасын қалыпты нормаға келтіріп, жүрегін соқтыруға күш салады. Бұл тәжірибені АҚШ-тың тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы мақұлдап отыр. Десе де мұндай сынақ үшін пациенттің келісімі алынуы тиіс. Өзінің өміріне тікелей қатерлі халге түсетіндіктен.

Адам денесі қалыпты температурада (Цельсия бойынша шамамен 37 градус) адам ағзасындағы жасушалар энергия бөлуі үшін оттегіні қажет етеді. Жүрек соғысы тоқтаған кезде қан айналымы жасушаларға оттегіні жеткізіп бере алмайды, ал ми ары кетсе бес минут қана өмір сүреді. Содан кейін қайтып орнына келмейтін зақымдану процесі басталады. Алайда, дене мен ми температурасының төмендеуінен жасушадағы барлық химиялық реакция баяулайды немесе тоқтайды, осылайша оттегіні барынша аз қажет ететін болады. Тірі ағзаны анабиоз халінде қанша уақытқа дейін ұстауға болатыны әлі белгісіз. Жасушалар жылу алған жағдайда химиялық реакциядан зақымданады әрі егер жасуша ұзақ уақытқа оттегісіз қалса, соғұрлым зақымдануға ұшырайды. Осындай олқылықтарға байланысты бұл тәжірибе толық аяқталған жоқ, әлі де бұл процедура жетілдіруді қажет етеді.  

0 пікір
Мұрағат