Етпетінен жатып ұйықтаған адам алжуға бейім келеді
Етпетінен жатып ұйықтаған адам алжуға бейім келеді
4 жыл бұрын 8509 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар мәлімдегендей, етпетінен жатып ұйықтау нейродегенеравтивті қатерді арттырады. Ал бұл өз кезегінде деменцияның дамуын тездетеді. Бұл жайында Express ақпарат көзі мәлім етеді. Деменция – ми қызметін төмендететін симптомдардың негізгісі. Стивен Вайнигер есімді дәрігердің айтуынша, ұйқы кезінде адам оргнаизмі улы заттар мен химикаттардан арылуға тырысады. Сол себепті, бір қырынан, яғни, бүйірінен жатып ұйықтаудың маңызы зор екенін алға тартып отыр. «Егер сіз етпетінен немесе отырып ұйықтайтын болсаңыз, адам денесі улы заттардан арыла алмайды. Осы улы заттар жинала келе алжуға ұрындыруы мүмкін»,- деп түсіндірді маман. Етпетінен жатып ұйықтамаса да адам алжуы мүмкін. Алайда, бір бүйірінен ұйықтау алжудың алдын алатын профилактикалық тәсілдердің бірі екенін ескертеді.

0 пікір
Мұрағат