Ем қонбайтын қанның қатерлі ісігіне қарсы амал табылды
Ем қонбайтын қанның қатерлі ісігіне қарсы амал табылды
4 жыл бұрын 2807 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Техас және Флорида университеттерінің ғалымдары ем қонбайтын қанның қатерлі ісігіне қарсы қауіпсіз әрі тиімді дәрі ойлап тапты. Бұл дәрі аталмыш дертке шалдыққан ересектерге де, балаларға да жарай береді. Бұл жайында MedicalXpress ақпарат көзі хабар таратты. PROTAC деп аталатын дәрілік заттардың жаңа тобы обыр жасушасының тірі қалуына мүмкіндік беретін BCL-XL белоктық қосындыға бағытталады. Осыған ұқсас бұрынғы дәрілердің салдарынан тромбоциттер қауіпті деңгейге дейін кеміп кететін еді. Мұның арты қан кетуіне ұласатын. PROTAC дәрісі қолданылған жағдайда мұндай қатердің деңгейі барынша төмен болмақ. Аталмыш жаңа дәрілік зат Т-жасушалы лейкоз және Т-жасушалы лимфома секілді ауруларды емдеуде пайдаланылады. Ол бұрынғы дәрілер секілді BCL-XL белогының белсенділігін басумен шектелмейді, BCL-XL  белогын жояды. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, PROTACем қонбайтын балалар бойындағы онкологиялық ауруларға қарсы қолданылуы мүмкін. Т-жасушасы иммундық жүйенің маңызды компоненті болып табылады. Оларды адам кеудесінің жоғары жағында орналасқан айыр без (тимус) істеп шығарады.

0 пікір
Мұрағат