Елімізде құс пен доңыз тұмауына қарсы дәрі жасалды
Елімізде құс пен доңыз тұмауына қарсы дәрі жасалды
9 жыл бұрын 4039

Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетініің профессоры Дмитрий Корулькиннің  айтуынша, елімізде құс немесе доңыз тұмауына қарсы дәрі жасалған. Аталмыш жоба авторларының бірі болып табылатын Дмитрий Корулькиннің  сөзіне қарағанда, бұл дәрі еліміздің аумағында өсетін өсімдіктен жасалған. Олар Rosa canina және Rosa corymbifera деп аталатын итмұрынның екі түрінен, сондай-ақ, қымыздық, т.б. өсімдіктерден жасалған. Факультетте өсімдіктерден тұмау вирусын жоя алатын биологиялық белсенді заттарды селектрлік жолмен алудың сұлбасы жасалған. Соның негізінде 20 түрлі зат бөлінген. Ғалым бұл дәрінің ең аз мөлшердегісінің емдік тимділігі шетелдегі осындай дәрілерге қарағанда 40 есе  артық болатынын жеткізді. Дәрі клиникалық сынақтан өткен. Профессордың айтуынша, қазақстандықтар тұмауға шалдыққан кезде әдетте «Ремантадин» дәрісін пайдаланатын көрінеді. Химик оның мұнай өнімінен жасалатынын алға тартып, оның құрамында бәрібір удың болатынын жеткізді. Ал өсімдіктерден жасалатын дәрілердің жанама әсерлері болмайды.

0 пікір
Мұрағат