Бунақ аяқты құрт сіздің денеңізде тіршілік етеді
Бунақ аяқты құрт сіздің денеңізде тіршілік етеді
2 жыл бұрын 1525

Сіздің денеңіз бунақ аяқтылар тобына жататын құрттың ұясы екенін білесіз бе? Дәлірегі, арнайы құрал-аспаппен болмаса, көзге көріне бермейтін ол сіздің бетіңізде өмір сүреді, ұйықтайды, жылжиды және көбейеді. Ғалымдар зерттеуге қатысқан барлық адамның бет терісінен осы бунақ аяқты құртты тапқан болатын. Демодекс (Demodex) текті паразит бет терісінің майымен қоректенеді. Адамның бет терісінен оның екі түрін кездестіруге болады: ұзыны (Demodex folliculorum) және қысқасы (Demodex brevis). Солтүстік Каролина университетінің ғалымы Меган Томмес біз сөз етіп отырған тіршілік иелерін «аса сүйкімді» деп атағанынан хабарыңыз жоқ шығар. Олар адамды өзіне дос санайды: бет теріңіздегі майда сегіз аяғын ескек сияқты пайдаланап жүзіп жүреді. Шындап келгенде, демодекс адам ағзасына қауіпті болуы мүмкін. Ол бактерияны тасымалдайды. Содан барып, адам денесі бөртіп, қызарып шыға келеді. Ол ол ма, бетіңізде безеудің пайда болуына ықпал етеді. PLoS One басылымында жарық көрген осы құртқа қатысты зерттеу материалынан білгеніміздей, ол анадан балаға емізу кезінде берілетін көрінеді. Адам жасы ұлғайған сайын денеңізде көбейетіні тағы бар. Бір қызығы, қытайлардың бетіндегі демодекс құрты Америка демодекс құртынан ерекшеленеді екен. Ал еуропалық және азиялық тармаққа осыдан 40 мыңнан аса жыл уақыт бұрын бөлінген көрінеді.

0 пікір
Мұрағат