Бактерия ферментін бұғаттаса, инфекцияның дамуына тосқауыл қойылады
Бактерия ферментін бұғаттаса, инфекцияның дамуына тосқауыл қойылады
4 жыл бұрын 2002 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар Стрептококки тобына жататын бактериядан бұғатталса аса қауіпті инфекциялардың өршуіне жол бермейтін фермент тапты. Бұл жайында Journal of Biological Chemistry мерзімді басылымы хабар таратты. Стрептококки фарингит, қызамық, сепсис, созылмалы аутоиммундық ауруларды секілді адам өміріне қауіпті тағы басқа да сан түрлі дерттерді тудырады. Шотландиядағы Данди және Эдинбург университеттерінің ғалымдары бірігіп, стрептококты бактерияны қалқалайтын көмірсулардың, рамноздың (өсімдік пен кейбір бактерияларда кездесетін ерекше қант) полисахаридін істеп шығаратын ферментті (α-D-GlcNAc-β-1,4 — L-рамнозилтрансфераза) тапты. Аталмыш полисахарид бактерияның өсуіне әсер етеді әрі бактерияның адамдарға жұғуына мүмкіндік береді. Ғалымдар молекулярлы және синтетикалық биологияның, биохимияның, сондай-ақ, радиоактивті белгілеу және ядролық магниттік резонанс тәсілдерін қолдана отырып, аталмыш ферменттің стрептококтың өмірлік маңызы зор полисахаридін айрықша рөл ойнайтынын анықтады. Бұл жаңалық өз кезегінде аса қауіпті инфекциялармен антибиотикті пайдаланбай күресуге мүмкіндік бермек. Осы орайда мынадай факторларды айта кеткен жөн: бүгінде бактерияның антибиотикорезистенттілігі ғалымдардың бас ауруына, ғаламдық проблемаға айналып отыр – бактерияға қарсы дәрі-дәрмекке бой бермейді. Мәселен, стрептококкамның салдарынан жабысқан баспа (ангина) ауруының 20%-да антибиотиктің емдік тиімділігі еш нәтиже бермейді.

0 пікір
Мұрағат