Астронавтар ғарыштан найзағайдың жарқылын суретке түсіріп алды (ВИДЕО)
Астронавтар ғарыштан найзағайдың жарқылын суретке түсіріп алды (ВИДЕО)
2 жыл бұрын 2056

Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) Халықаралық ғарыш стансасының бортынан түсірілген найзағайдың суретін ұсынды. Ғарыштан түсірілген суреттер түнде Nightpod арнайы құрылғысының көмегімен жасалған, деп хабарлайды lenta.ru.

Ғарышкерлер түнгі фототүсірілімді 400 шақырым биіктіктен жүргізген. ХҒС сағатына отыз мың шақырым жылдамдықпен қозғалатындықтан, планетаның барлық суреттері бұлыңғыр болып түседі.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ЕҒА Халықаралық ғарыш стансасының күмбезінде орнатылған Nightpod автоматты штативті дайындады. Құрылғы камераның түсіру тетігін қажетті нысанға бағыттап, ХҒС-ның қозғалыс жылдамдығына түзету енгізеді. Нәтижесінде түсірілген суреттер анық әрі айқын шығады.

Әдетте Nightpod түнде Жердегі қалаларды суретке түсіру үшін пайдаланылады, алайда 2012 жылы астронавтар найзағайдың жарқылын түсіріп ала алған еді.

0 пікір