Аш адам екі есе жылдам ойлай алады – ғалымдар
Аш адам екі есе жылдам ойлай алады – ғалымдар
6 жыл бұрын 3871

АҚШ-тағы Қартаю проблемаларын зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері кеміргіштерге тәжірибе жүргізіп, жоспарланған ашығу мидың белсенділігін екі есе арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап. 

Тәжірибе жүргізу барысында ғалымдар бір топ кеміргіштерге белгілі бір уақыт бойы тамақ бермей қойып, екінші топтағы кеміргіштерге әдеттегідей дәрумендер мен белоктар беріп отырған.

Ғалымдардың пікірінше, бірегей қасиет ретінде BDNF генімен кодталған және күйзеліске түсу жағдайында белсенділігі жоғарылайтын нейрондық байланыстарды ынталандырушы ақуыз, яғни мидың нейротрофикалық факторына қызмет етеді.

Сол себепті олар белгілі бір уақыт аралығында ашығу мидың белсенділігін жоғарылататынын айтады.

0 пікір
Мұрағат