Ақуыздардың жылудан құрылымы мен қызметін өзгертетіні анықталды
Ақуыздардың жылудан құрылымы мен қызметін өзгертетіні анықталды
4 жыл бұрын 3125 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жылуды сезінген ақуыздардың құрылымы мен рөлі өзгеретінін анықтады Германиядағы Макс Планк атындағы молекулярлы, жасушалы биология және генетика институты мен Дрезден қаласында орын тепкен биотехнология орталығының ғалымдары.

Бұл бағытта жүргізілген зерттеу табаны күректей ондаған жылдарға созылған. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, түрлі организмдердің температура өзгерісіне бірдей жаауап қатады. Мәселен, ыстықтан жасушалар өсуі мен өсіп-өнуіне қажетті ақуызды бөлуін тоқтатады. Есесіне жасушаны зақымданудан сақтайтын ақуыздарды істеп шығаруға көшеді. Десе де ғалымдар жасушалардың жылу стресін қалай танитынын және жылуды сезінгенде құрылымы мен қызметін қалай өзгертетінін білмейді. Зерттеу барысында ғалымдар ашытқыны пайдаланған болатын. Олар температура өзгергенде өзінің құрылымын өзгертіп, жасушаны қайта бағдарлайтын Ded1p ақуызының әрекетін зертханада ешқандай компонентсіз моделдеген екен: ақуыз жасуша цитоплазмасында бір келкі бөлінеді. Ал температура жоғарыласа, кезеңдік бөліну процесін пайдалана отырып, тығыз құрылымға айналып, жинақталады. Бұл нені білдіреді? Ded1p ақуызы температураны сезе алады әрі жасуша ішіндегі температура қызметін атқарады. «Эволюция барысында жасушалар жоғары термикалық сезімталдыққа ие болған – организм температура ауытқуларына бейімделуі үшін. Бұл өз кезегінде организмнің жаһандық жылынуға бейімделуге мүмкіндік беретініне сенім тудырады»,- деп мәлімдеді осынау зерттеуге жетекшілік еткен профессор Саймон Альберти. Осылай деген ол бұл жаңалықтың мәні мен маңызына айрықша тоқталды: ғалымдар организмнің тек температура стресін ғана емес, сонымен қатар, қоршаған орта өзгерісін де еңсеруге мүмкіндік беретін жасуша ішіндегі тетікті ашты. Ғалымдардың пайымдауынша, жасушалар ген экспрессиясының түрлі бағдарламаларын іске қосу үшін фазаларға бөлінген ақуыздарды пайдалана отырып организмнің түрлі жағымды-жағымсыз факторларға төтеп бере алады. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуді одан ары жалғастыруға ден қойып отыр. Ендігі жерде олар бұл тетіктің адамның бойындағы кеселді ерте бастан анықтауға көмектесетінін немесе көмектеспейтінін анықтамақ. Мәселен, нейродегенеративтік ауруларды анықтау үшін.

0 пікір
Мұрағат