Ақ қан ауруының өзгеше симптомдары аталды
Ақ қан ауруының өзгеше симптомдары аталды
3 жыл бұрын 6752 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ем қонбайтын аурулардың бірінен саналатын қанның қатерлі ісігіне, яғни, лейкемия дертіне шалдыққанын науқас қалай біле алады? Қазақша «ақ қан ауруы» атанған дертінің бірқатар өзгеше белгілері бар болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Leukemia Care шетелдік медициналық зерттеу ұйымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, бұл кеселге шалдыққан адам түні бойы малмаңдай болып терлеп, ыстықтап шығуы мүмкін. Бұдан бөлек, әлсіздік, шаршау, ентігу, бастың айналуы және жүрек қағысының жиілеуі де ескертуші симптомдар қатарына жатады. Бұған қоса, теріде көгерген іздер пайда болып, мұрыннан қан кетуі әрі қызыл иектің қанауы да лейкемияның белгілері болуы мүмкін. Ақ қан ауруының симптомдары адамның жас ерекшелігіне қарай айрықшалануы мүмкін. 25-64 жас аралығындағылар тез шаршап, терісінде көгерген іздер пайда болуы немесе қан кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ентігіп, дене қызуы көтерілуі әрі буындары сырқырауы мүмкін. Ал жасы 65-тен асқандардың дене салмағы кеміп, жоғарыда аталған симптомдар байқалуы мүмкін. Бұдан бөлек, лимфа түіндері ісінуі ықтимал.

0 пікір
Мұрағат