Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау табылды
Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау табылды
7 жыл бұрын 3350

Эдинбург университетінің бір топ ғалымы Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау тапты, деп хабарлайды 24.kz ақпарат көзі Guardian басылымына сілтеме жасап. Бұл тізбек әлемдегі ең ірі жанартау белдігіне үміткер. Жанартаудың биіктігі 100-ден 3,85 мың метрге дейін материктің батыс шетінде орналасқан. Оларды екі шақырымдық мұз қабаты жапқан. Бұл жанартауларды табу үшін ғалымдар ең алдымен құрлықтың мұз астындағы жасырын бетін зерттеген, кейін ғарыштан түсірген суреттерді салыстыра отырып, алынған мәліметттерді бір жүйеге келтірген. Зерттеу экспедициясының мүшесі Роберт Бингэмнің айтуынша, Росса қайраңдық мұздықтарының астындағы теңіз түбінде жанартаулардың әлемдегі ең биік шоғыры орналасқан болуы мүмкін. Қазір мамандар табылған жанартаулардың қаншалықты белсенді екенін және атқылау қаупі бар ма, жоқ па деген сауалдардың жауабын іздеуге көшкен. 

0 пікір
Мұрағат