Америкалық сарбаздар тас қараңғыда көруге мүмкіндік беретін қабілетке ие болмақ (видео)
Америкалық сарбаздар тас қараңғыда көруге мүмкіндік беретін қабілетке ие болмақ (видео)
2 ай бұрын 836 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ ғалымдары адамның тас қараңғыда төңірегін көруіне мүмкіндік беретін өзгеше нанобөлшек жасап шығарды. Бұл бағытта тышқандарға тәжірибе жүргізіп көрген екен, сәтті аяқталған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Массачусет университетінің медицина мектебінде жасалған өзгеше нанобөлшекті ғалымдар «көру жиілігін арттыратын көзге арналған иньекциялық фоторецептор-байланыстырушы» деп атапты. Бұл нәрсе тіршілік иесін электромагниттік спектрдің көзге шалынатын бөлігін қабылдауға мүмкіндік бергенімен қоймай инфрақызыл толқынын да көруге мүмкіндік бермек. Супербөлшек адамға мүлдем зиянсыз: ол иньекция көмегімен адамның көз торына орналасады, бірнеше күннен соң ағзадан шығып кетеді. Бұл бөлшектің иньекциясын алған адам инфрақызыл көздегіші бар снайпер секілді көрмек.

0 пікір
Мұрағат