Америкалық ғалым адамзатты аштықтан құтқаратын суперөсімдік өсірмек (фото)
Америкалық ғалым адамзатты аштықтан құтқаратын суперөсімдік өсірмек (фото)
6 жыл бұрын 3722

Климаттың өзгеруі мен аштық адам баласының өмір сүруіне қауіп төндіреді. Ауыл шаруашылығы ғаламдық жылынуды жылдамдатып жатыр, ал ол тамақ өндірудің тиімділігін төмендетеді. Бірақ калифорниялық зерттеушінің жұмысы бұл мәселені шешуге көмектесе алады. Әңгіме әлемді тамақтандырып, климаттың өзгеруінен құтқаратын өсімдіктің жаңа түрі туралы болып отыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі econet.ru-ға сілтеме жасап. 

Кремниев алқабында жыл сайын өмір, физика және математика ғылымы саласында үздік шыққандарға премия беріледі. Биыл лауреаттардың қатарында өсімдіктанушы Джоан Чори де бар. Ол 30 жыл бойы зерттеп келе жатқан еңбегі үшін сыйлық алды. Оның зерттеуі егіннен мол өнім алуға және өсімдіктің тұрақтылығына арналған.

Енді Чори жаңа жобаны қолға алды. Ол әлемді аштықтан құтқарып қана қоймай, ауадан көмірқышқыл газын сорып алатын суперөсімдікті өсірмек. Зерттеуші жаңа өсімдік тамақтану көзі болады және көпжылдық шөптерге қарағанда 20 есе көп көміртекті өзіне сіңіріп алады деп үміттеніп отыр. Суперөсімдіктің дәмі ноқатқа ұқсайды.

Бұл өсімдікте суберин болады. Ол көміртекті жүздеген, тіпті мыңдаған жыл бойы өзіне сіңіріп тұра алады. Сондықтан суберині бар көпжылдық өсімдік ауаны жақсылап тазартып, көп оттек бөледі. Ал оның тамыры құрғақшылыққа төзімді болады.

Чоридің есептеуінше, мұндай өсімдікті жасау үшін, кем дегенде, 10 жыл және 50 млн АҚШ доллары керек. Дәл қазір ғалымдарға асығу керек. Өйткені, осы жүзжылдықтық соңында Жер температурасы негізгі деңгейден 3,6 градусқа көтеріледі. Сондықтан әлем екі жолдың ортасында тұр. Планетаның қатты жылынуын тоқтату үшін тиісті шараларды тез қабылдау керек.

0 пікір
Мұрағат