Алжуға қарсы екпенің емдік тиімділігі сынақтан өтеді
Алжуға қарсы екпенің емдік тиімділігі сынақтан өтеді
9 күн бұрын 597 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық және австралиялық ғалымдар адам миында амилоидты әрі тау-ақуыздың жиналуына ықпал ететін нейродегенерацияның алдын алатын құралды іздеу үшін күш біріктірді. Ирвиндегі Калифорния университетінің молекулярлы медицина институтының ғалымдары дәлелдеп бергендей, бұл құбылыс (адам миында амилоидты әрі тау-ақуыздың жиналуына ықпал ететін нейродегенерация) Альцгеймер ауруының пайда болуына әсерін тигізетін негізгі себептердің бірі. Оның алдын алу үшін зиянды ақуыздардың көбеюіне жол бермеу керек. Біз сөз етіп отырған амилоид та, тау-ақуызы да жеткілікті деңгейде, жан-жақты зерделенген, алайда, олардың жиналуының алдын алатын немесе шоғырлану деңгейін мейлінше төмендететін құрал немесе тәсілдің іздестіріліп келе жатқанына бірталай уақыт өткен еді. Әлбетте, бұл бағытта ғалымдардың ізденісі зая кетпеді, десе де ойдағыдай нәтиже бергендері жоқ. Жекелеген дәрілерге қатысты тәжірибелер сәтсіздікке ұшыраған соң ақуыздың екі түріне бір мезгілде соққы беретін комбинацияланған құрал жасау идеясы пайда болды. «Advax» деген атауға ие болған комбинация негізінде AV-1959R және AV-1980R екі түрлі екпе жатыр. Оны Австралиядағы Флиндерс университетінің тегі орыс Николай Петровский есімді ғалымы ойлап тапты. Оның құралы адам организіміндегі амилоидтік және тау-ақуыз мөлшерін күрт кеміте алады.

0 пікір
Мұрағат