Әйелдер ерлерсіз де ұрпақ өрбіте алатын болып шықты
Әйелдер ерлерсіз де ұрпақ өрбіте алатын болып шықты
5 ай бұрын 1585 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Генетиктер адамдардың өсіп-өнуінің, яғни, көбеюінің тағы бір тәсілін тапты. Егер жер бетінен ер-азаматтар жоғалса, адам тұқымы өздігінен партеногенетикалық жолмен өсіп-өне алады екен. Бұл жайында "Известия" мерзімді басылымына сұхбат берген ресейлік генетик, дәлірегі, Ресей ғылым академиясының Н.И. Вавлиов атындағы жалпы генетика институтының ғылыми қызметкері әрі Техас А&М университетінің (АҚШ) профессоры  Константин Крутовский мәлім етті. Ғалымның пайымдауынша, ерлердің бойындағы Y-хромосома - әйелдердің бойындағы Х-хромосомасының титтей бір бөлігі ғана. Осындай артықшылыққа ие болуына байланысты әйелдер ерлермен жақын жақындаспай-ақ, яғни, тән қатынасына бармай-ақ, өздігінен ұрпақ өрбіте алатын қабілетке ие болмақ. "Бұлай дейтініміз, олар хромосоманың толық жиынтығына ие. Бұған қоса, ерлердің бойында бала көтеретіндей ұрықтану құрылымы (репродуктивтік структура) жоқ",- деді ғалым. Яғни, ерлер жоғалса, әйелдер гипотетикалық кезеңге өтіп, партеногенетикалық өсіп-өну қабілетіне ие болады - яғни, гаплоидті гаметтің қалыптасу барысында мейозда редукциялық бөліну орын алмаған ұрық жасушасы іске қосылып, тек анасының көшірмесін өмірге әкеледі, яғни, анасынан аумайтын тек қыз балалар ғана өмірге келетін болады. Әлбетте, бұл тек гипотеза ғана. 

0 пікір
Мұрағат