Адамзатқа ұсынылған ғажайып IT технологиялар (фото+видео)
Адамзатқа ұсынылған ғажайып IT технологиялар (фото+видео)
7 жыл бұрын 2718 qamshy.kz Аршын Қуандық

Ғылым-техниканың дамуы адамзат өркениетіне, мәдениетіне, ақыл-ой еңбегіне өлшеусіз үлес қосып келеді. 1.Teslasuit киімі. Бұл киім адамдардың атыс-шабыс ойындарды ойнау барысында соққыны шынайы сезінуге мүмкіндік береді. Соққыларды адамға тоқтың ұруы арқылы сезіндіреді.

Ойын ішінде адам қарсы жақтан соққы алған жағдайда сол соққы тиген жерді белгілі мөлшерде тоқ ұру арқылы шынайы сезіндіреді.

2.CARLOUDY- Көліктің алдыңғы әйнегіне арналған арнайы ақпараттық құрылғы. Бұл құрылғы машинада отырған адамның айтқан аудио командасын қабылдай алады және телефонға келген ескертпелерді дер кезінде көліктің алдыңғы әйнегіне шығарып отырады. Бұл құрылғы телефонға bluetooth арқылы қосылады.GPS та белгіленген жерге жету барсында бұрылу керек болған жер көшеге келгенде алдын-ала ескертеді.

3.Google glass көзілдірігі - бұл құрылғы, әсіресе, адам жаяу кетіп бара жатқанда өте қолайлы. Интернетке WI-FI желісі арқылы қосылады, ал телефонға bluetooth арқылы қосылады. Жаяу кетіп бара жатқан адамға GPS анық көрініп және де ескертпелерде көріледі.

 

1 гб жедел жад, камерасы 5 px, тоқтың шыдамдылығына келетін болсақ интернетке қосқан жағдайда 1 күнге, ал камераға түсіріп жүретін болсақ 30 минутқа жетеді. Көзілдірік дыбысты бұйрықтарды қабылдайды, тіпті қандай шулы орындар болса да ол бұйрық берушінің дыбысын ғана қабылдай алады. Өйткені дыбысты ол адамның бас сүйегіне тиіп тұратын құрылғы арқылы қабылдайды.

 

Ол Google-ден кез-келген ақпаратты тауып бере алады, бірақ қолданбалар (app) орнатылмайды. Ақпаратты сайттардың жаңалығын көру керек болса, ол үшін арнайы рұқсаттама керек.

4. home surveillance - Үйге және көлікке арналған бейне камера. Бұл камера әрқашан орнатылған жерді көрсетіп отырады.Ол смартфон арқылы басқарылады. Оның басқару жүйесі кез-келген ескі және жаңа смартфондарға лайықталған.

 

5. Blipcast – Бұл адамдардың алаңсыз, кедергісіз, теледидар тамашалауына таптырмас құрылғы. Blipcast смартфонға сымсыз қосылып, теледидардың дыбысын сіз смартфонға құлаққап салып тыңдай аласыз.

(Жалғасы бар)


0 пікір
Мұрағат