Адамның көзіне қарап оның шын жасын анықтап білуге болатын тәсіл табылды
Адамның көзіне қарап оның шын жасын анықтап білуге болатын тәсіл табылды
4 жыл бұрын 2967 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамның көз қарашығын зерттей келе оның биологиялық жасын анықтауға мүмкіндік беретін сканер құрастырды. Ғалымдардың айтуынша, адамның хронологиялық (жылнамалық) жасы сіздің тәніңіздің қартаю жылдамдығын нақты өлшеп білуге мүмкіндік бермейді. Осы орайда ғалымдар биологиялық жасы нақты белгілі адамды ғұмырында ұадағалап отыру арқылы оның денсаулығын күтудің сапасын жақсартуға болатынын алға тартып отыр. Осы уақытқа дейін организмнің қартаю процесіне байланысты оның жасын анықтауға септігін тигізуі мүмкін деген көптеген өлшеу тәсілдері ұсынылғанымен олардың бірде-біреуі жарамаған еді, яғни, адамның биологиялық тұрғыдан қартаюын дәл өлшеуге әрі қадағалауға мүмкіндік беретін бірде-бір маркер және бірде-бір инвазивтік емес әдіс табылмады. Осы тұста биологиялық жастың хронологиялық жастан қандай айырмашылығы барын айта кетейік: биологиялық жаста адамның әдет-қылықтары қаперге алынады, яғни, ол темекі шеге ме, ашты тағамдарды жақсы көреді ме немесе тәтті тағамдарды ұната ма, я болмаса саламатты өмір салтын ұстана ма немесе ұстнабай ма, т.б. міне, осындай факторлар ескеріледі. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, арнайы сканер көз қарашығындағы ақуыздан болатын сигналды өлшеу арқылы биологиялық қартаюды қадағалауға мүмкіндік бермек. «Көз қарашығы ғұмыр бойы қартаюмен байланысты жиинақталып қалған ақуыздарды қамтиды. Олар әрбір адамның оның ғұмырындағы қартаю тарихының ұдайы «жазылуын» қамтамасыз етеді. Біздің көз сканеріміз адамның молекулалық деңгейде қалай қартаятыны жазылған жазбаны «жіліктеп талдап» береді»,- деп түсіндірді аталмыш құрылғы авторы. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық өз кезегінде денсаулықты бағалау мен қадағалауға даңғыл жол ашпақ.

0 пікір
Мұрағат