Адамның жасын микробиомына қарап анықтауға болады
Адамның жасын микробиомына қарап анықтауға болады
4 жыл бұрын 2861 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамның  жасын оның микрофлорасына қарап анықтайтын тәсілді тапты. Бұл жайында ToDay News Ufa ақпарат көзі MSystems порталына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары адамның жасын оның терісі мен сілекейінің  және үлкен дәретінің анализі негізінде анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлік алгоритм жасады. «Мұндай құрал адамның қартаюына байланысты оның микрофлорасының қызметін бағалауға және адам организімінің тозуына байланысты өршитін аурулардың даму барысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл өз кезегінде кәрілікті тежейтін түрлі дәрі-дәрмек жасауға да мүмкіндік бермек»,- деп түсіндірді биолог Чженцзян Сюй аталмыш жаңалықтың маңыздылығын. Ғалымдар осы бағытта жүргізілген зерттеу барысында АҚШ пен Канада, Танзания және Қытай тұрғындарының ішек микрофлорасының 4,4 мың үлгісін, терісі мен сілекейіндегі бір жасушалы организмдердің 2,5 мың үлгісін жан-жақты әрі мұқият зерделеген екен. Нәтижесінде биологтар осы микрофлора иелерінің жасымен, жынысымен, т.б. байланысты ортақ ұқсас қырлары мен айырмашылықтарын анықтай алды. Тері мен сілекей микробиомы адамның жасын 3,8-4,5 ауытқуымен дәл анықтаса, ал ас қорыту органдарының микрофлорасы бойынша бұл көрсеткіш – 11,5 жыл.

0 пікір
Мұрағат