Адамды даусына қарап диагноз қоятын технология
Адамды даусына қарап диагноз қоятын технология
4 жыл бұрын 3724 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дауыс профилін талдайтын цифрлы технологияны көптеген салада – адамның көңіл күйін анықтаудан, яғни, психоэмоциялық жай-күйін білуден бастап, оның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе керісінше жағдайға дейін пайдалануға болады. Адамның сөзі, яғни, сөйлеу мәнері, сондай-ақ, сөйлеу екпіні, эмоциясы, интонациясы, «даусының қалтырап шығуы», т.б. бұрыннан диагностика үшін ықтимал құрал ретінде қарастырылып келеді. Дауыс ырғағы мен адамның психоэмоционалды ағдайы арасындағы өзара байланыс ғылыми ортада бұрыннан бері талқыланып келеді. Осылайша дауысына қарап, адамға дер кезінде моралдық немесе медициналық жәрдем беруді мақсат етеді. Пациенттің дауыс өзгерісінен оның психикалық жай-күйін анықтау бұрын тек маманның «естумен» анықталатын. Әлбетте, мұндай диагностика біржақтылыққа ұрындыратын субьективтікке негізделетін әрі нақты бір дәрігердің құзыретінде жүзеге асырылатын. Дауысты талдау технологиясын пайдалануға негізделген бұл жоба пациенттің мойнына бекітілетін датчиктің болғанын ұйғарады. Мұндай тәсілдік кем-кетігі сонда –пациент пен дәрігер арасындағы тікелей байланысты қажет етеді. Ал пациент немесе дәрігер оқшауланып қалса, бұл жобаның сенімділігі жоғалады. Бұдан бөлек, сигналды өңдеу технологиясына қатысты бірнеше кемшілігі бар. Ал бұл жолғысында, яғни, дауыс профилін талдау алгоритімі жоғарыда аталған кемшіліктерден ада әрі қашықтан пациенттің даусынан оның жай-күйін анықтай алады. Бұл технология бірқатар дыбыс өлшемдеріне, яғни, параметрлеріне негізделген: жиілігі жоғары үйлесімге, жиілігі төмен үйлесімге, дауыстың салыстырмалы қуатына, т.б. Зерттелген дауыс профилінің параметрлері түпнұсқалық әдісімен өңделіп, эталонымен салыстырылады. Белгілі болған айырмашылық негізінде адамның психоэмоционалды жай-күйі анықталады. Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің патенттелген бұл әдісі сырттай сыр алдырмайтын пациенттің басындағы қобалжу, күйзеліс, агрессия, аутоагрессия, т.б. секілді психоэмоционалды ауытқуын анықтауға көмектеседі. Аталмыш әдіс тек медицина саласында ғана емес, сонымен қатар, адамның жеке басын оның мәліметтерімен сәйкестендіру, қауіпсіздік жүйесінде, сондай-ақ, әлеуметтік және педагогикалық мақсатта қолданыс табуы мүмкін. Бұл жайында hightech.fm ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат