800 миллион замандасымыз 11 бабадан тараған
800 миллион замандасымыз 11 бабадан тараған
2 жыл бұрын 792

Бүгінгі таңда жер бетінде өмір сүріп жатқан 800 миллионнан астам замандасымыз 11 әкеден тараған. Ұрпағы ең көп баба – әлемді қаһарымен тітіреткен әйгілі Шыңғысхан. Марк Джоблинг есімді генетик жетекшілік еткен Ұлыбританиядағы Лестер университетінің халықаралық ғалымдар тобы осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында Daily Mail басылымы хабар таратты. Генетиктер бұған қалай көз жеткізген? Қандай да бір бабаның қай өңірде өмір сүргенін басшылыққа алған өз зерттеулерінде.  Одан ары зерттеу ДНК негізінде жүргізілген. 2003 жылы британдық генетик Крис Тайлер-Смит ұрпақ таратуда Шыңғысқанға тең келетіні жоқ екенін анықтаған. Ғалымның есебінше, жер бетіндегі ерлердің 0,5 пайызы (шамамен 16 миллион  адам) ерлер жағынан Шыңғысханның ұрпағы болып табылады деген қорытындыға келген. Одан кейінгі орында 1582 жылы өлген Маньчжурияның Гиочанги есімді князы тұр. Оның немересі Нурхаци (1559-1626) Цин династиясының императоры болды.

Князь Гиочанги

Ғалымдар сөзіне қарағанда Гиочангидің ерлер жағынан тікелей ұрпақтарының саны шамамен жарты миллион адамды құрайды. Олардың бәрі дерлік Қытай мен Моңғолия аумағында өмір сүріп жатыр. Ұрпағы көп өзге бабалар Азия құрлыығында бііздің дәуірімізге дейінгі 2100 жылы мен біздің дәуіріміздегі 700 жылы өмір сүрген.

0 пікір