WhatsApp-та жаңа функция іске қосылмақ
WhatsApp-та жаңа функция іске қосылмақ
7 жыл бұрын 4153

Таяуда WhatsApp қосымшасында төлем жүйесі іске қосылады. Жаңашылдық мессенджерде ақша жіберуге және алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Oxu.az сайтына сілтеме жасап. 

WhatsApp-тың негізін қалаушылардың бірі Брайан Эктон компания ақша аудару үшін UPI жүйесімен ынтымақтасатынын атап өтті. Қосымшаның тестілеу нұсқасы шықты.
Жақында мессенджер қолданушылары жүйемен толық таныса алады. Төлем қызметтерінің бірігуі ақшаны бірден жіберуге және алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, комиссия ұсталатыны белгілі болып отыр, бірақ оның көлемі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp-тың жаңа нұсқасы жіберілген хабарламаны редакциялауға және жоюға мүмкіндік беретіні хабарланған болатын.

WABetaInfo Twitter-шағын блогының мәліметінше, iOS арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында жіберілген хабарламаны редакциялауға (Edit) немесе қайтарып алуға (Revoke) болады.

WhatsApp-тағы жазбаларды бұрын да жоюға болатын, бірақ хабарламалар сол құрылғыда ғана өшіп, чаттың қалған қатысушыларында сақталып қалушы еді. Бір айта кетерлігі, мұндай жаңашылдық мессенджердің қарапайым нұсқасы үшін қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.

0 пікір
Мұрағат