WhatsApp жаңа жүйені іске қосады
WhatsApp жаңа жүйені іске қосады
7 жыл бұрын 4124 tengrinews.kz techspot.com

Қазір WhatsApp мессенджерінде мәтін жазылған статустар қоюға болады. Енді оларға суреттер мен стикерлер қосуға мүмкіндік туды. 

Құрастырушылардың мәліметінше, жаңа статустарды пайдалану арқылы қолданушылар маңызды мәліметтерімен бөлісе алады. Компания осы жүйенің қолданушылар арасында белсенді қолданылатынын байқаған. 

Статус қосымшаның камерасы арқылы іске асырылады, мұнда суреттерге жазба немесе стикер қосуға да мүмкіндік бар. Осы жазбаңыз 24 сағаттан соң өздігінен жойылып отырады және осы уақыт ішінде басқа қолданушылар пікір қалдыра алады. 

Бұл жаңашылдық Android, iOS және Windows Phone платформаларында жақын арада пайда болады.

0 пікір
Мұрағат