Үй бау-бақшасы: шағын ферма жыл бойы көкөністі үйде өсіреді (фото+видео)
Үй бау-бақшасы: шағын ферма жыл бойы көкөністі үйде өсіреді (фото+видео)
4 жыл бұрын 2803 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Егер сіз көкөністі үйде өсіруді қаласаңыз, міндетті түрде жер үйде тұрып, жер аударып, тырмалап жатудың қажеті болмайды. Мельбурндық BACE биотехнологиялық стартап жыл бойы дастарханыңыздан көкөністің үзілмеуіне керемет мүмкіндік беретін Rotofarm үй бау-бақшасын жұртшылықтың назарына ұсынды. Rotofarm – желдеткішке жалғанған, үстелге арналған шамнан тұратын құрылғы: ұзындығы 1,58 метрге жететін периметрі бойынша айналдыра көшетті бекітіп тастайды. Қабырғасы арасындағы қуыстан суғарылады әрі өсімдікке қажетті қоректік заттар беріледі. Rotofarm қосылған кезде спектрі сағатына 1 рет ортасында светодиодты шамды айналып шығады. Көшеттердің өсу барысын смартфон қосымшасы арқылы қадалауға болады. Аталмыш құрылғыда күннің шығуы мен бату уақытын белгілеуге мүмкіндік бар. Яғни, шам жұмысының режимін қолдан реттей аласыз – өсімдіктер табиғи жағдайда өсуі үшін. Бұдан бөлек, суғару режимін де орната аласыз – белгілі бір уақыт аралығында қажетті су мөлшерін беру үшін. Егер үй бау-бақшасының жарығы тым артып кетсе, аппаратта қосымша жарық сүзгісі бар – ол шам жарығын бәсеңдетеді. Rotofarm – экологиялық құрылғы. Өсімдіктерді өсіруге қажетті су су мөлшерін 95 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Даладағы бау-бақшадағыға қарағанда. Аталмыш құрылғыдағы көшеттерді күтіп-баптауға аптасына 5 минут уақытыңызды бөлсеңіз, соның өзі жетіп жатыр. Rotofarm жобасын Indiegogo қаржыландырды. Үй бау-бақшасына ие болғыңыз келсе, 440 доллар төлейсіз. Ол саудаға осы жылдың қазан айының бас кезінде шығарылады.

Ферма Rotofarm

Ферма Rotofarm

0 пікір
Мұрағат