Тwitter-ге жазылу ақылы болуы мүмкін
Тwitter-ге жазылу ақылы болуы мүмкін
7 жыл бұрын 2266 7kun.kz Аян Қалмұрат

Twitter танымал қолданушыларға, сондай-ақ брендтер мен БАҚ-тарға ақылы жазылу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Verge жазды.

Ақылы жазылым әлеуметтік желінің қызметін арттырады. Бұл сервис Tweetdeck-пен бірнеше аккаунтпен және көптеген басқа функциялармен бір уақытта жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қосымшамен байланысты болады.

Әзірленіп жатқан бұл қызмет туралы қайсы интерфейспен жұмыс жасауға ыңғайлы екенін анықтап, сауалнамадан өткен қолданушылар хабарлаған. Компанияның баспасөз қызметі осындай зерттеулерді жүргізіп жатқандығын растады. Әзірге Twitter бұл қызметті іске қоспады деп хабарлайды компанияның дереккөзі.

Басылым хабарлағандай, ақылы жазылу Twitter-дің басты қаржы көзі болмақ.

0 пікір
Мұрағат