Туристерге визаны жеңілдетуде әлемдегі ең алдыңғы қатардан көрінген бес елдің екеуі - мұсылман елдері
Туристерге визаны жеңілдетуде әлемдегі ең алдыңғы қатардан көрінген бес елдің екеуі - мұсылман елдері
7 жыл бұрын 3044 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британияда жарық көретін танымал, туристік бағыттағы Wanderlust (Wаnderlust tourist magazine) мерзімді басылымы туристерге виза алу ең оңай әлемнің бес елін атапты. ТОП-5 құрамында екі мұсылман мемлекеті бар. Аталған ақпарат көзі түзген реитингтің көш басында Әзірбайжан тұр, одан кейінгі орынға  жайғасқан, Шри-Ланка үшінші орыннан көрінсе, Тәжікстан төртінші орынды иеленіпті, бұл бестіктің соңын Вьетнам тұйықтаған екен. Тәжікстан бұл реитингте қалай топ жарған? Реитингті түзген авторлар тәжіктердің өткен жылы электронды визаны енгізгенін ескерген екен, яғни, виза алуға қатысты өтінішті табыс ету процедурасын жеңілдетеді. Бұл елде виза алуға өтініш бергенде шетелдік төлқұжатыңыздың тек көшірмесін жіберсеңіз де жеткілікті. Оның үстіне, виза 1 немесе ары кеткенде 3 күн ішінде беріледі. Бұған қоса, Тәжікстанға виза аштыру құны бар-жоғы 50 доллар түрады. Айта кетейік, аталмыш «Wanderlust» реитинг қалай түзіледі? Негізінен оқырмандардың пікірі және қандай туроператорлардың үлкен сұранысқа ие екендігі ескеріледі. 

0 пікір
Мұрағат