Тұмау маусымдық сипатынан айырылып, жыл бойы жабысатын кеселге айналады
Тұмау маусымдық сипатынан айырылып, жыл бойы жабысатын кеселге айналады
4 жыл бұрын 2942 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға байланысты тұмау тек күн суытқанда айналып соғатын ауру болудан қалады, керісінше жыл бойы жабысатын кеселге айналады. Бұл жайында Popular Science ақпарат көзі хабарлады. Жыл мезгілдері ауысып отыратын белдеуде орын тепкен елдерде әдетте аталмыш ауру күздің соңы мен қыста қылаң береді. Ал ылғал мен ыстық орнайтын тропикалық белдеуде орналасқан елдерде адамдар тұмаумен жыл бойы ауырады. Ғалымдар мұның cырын әзірге түсіндіріп бере алмайды. Вандербильт университетінің ғалымдары жаһандық жылынуға байланысты қыс мезгілінің жылы әрі қысқа болатынын алға тартып отыр. Осыған орай белгілі бір кезеңде айналып соғатын тұмаудың да маусымдық сипатынан айырылып, жыл бойы жабысатын кеселге айналатынын айтып отыр. Бұл құбылыс өз кезегінде адамзат алдына еңсеруді қажет ететін бірнеше проблемамен күресуді талап етпек: ең алдымен екпе мәселесі – тұмау өршіген сайын оған қарсы аз уақыт ішінде иммунитет қалыптасып үлгермейді. Бұдан бөлек, вирустың қыстық штаммына қарсы екпе әзірлейтін. Климат өзгерісінің орын алуына байланысты жаңа толқынына дайындалып үлгеру қиынға соғады. Ол ол ма, жылы ауа райы вирусқа қауіпті сипат дарытатын мутацияға қосымша мұрсат береді. Бұл өз кезегінде бүгінде күллі әлемді шарпыған тәжді тажал секілді пандемияға ұрындыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат