Цифрлі технология мегаполистердің түбіне жетеді
Цифрлі технология мегаполистердің түбіне жетеді
7 жыл бұрын 3806 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы мегаполистер экономикалық өсудің көрсеткіші ретінде алға шығады, алайда, кейбір сарапшылар олардың болашағаны күмәнмен қарайды. Тарқатып әрі нақтырақ айтқанда, цифрлі технология мен краудсорсинг өндіріске, сауда-саттыққа, коммерциялық мәмілелерге, сондай-ақ, кәсіби сервиске негізделген аса ірі қалалардың экономикасына күйрете соққы беруі мүмкін. Қалай дерсіз? Айналып келгенде, әлемдегі барлық мегаполис тұрғындарды шоғырландыруға мүдделі. Неғұрлым ауқымды болса, соғұрлым өндіріс мөлшері артады. Бұл өз кезегінде тұрғындар, дәлірегі, тұтынушылар армиясы есебінен өндіріске кеткен шығынның орнын толтырып қана қоймай, жкономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналмақ. Десе де келешекте технологиялық прогресс ескі бизнес үлгіні жарамсыз етіп, мегаполистердің дамуына кедергі келтірмек. Мұндай технологиялардың бірі 3D-басып шығару – балмұздақтан ұшаққа дейін жалғыз бір данасынан қисапсыз басып шығара беретін. Бұл өндіріске кететін шығынды азайтып, қаланың негізгі тірегі – зауыт-фабрикалардың жұмысын тоқтатады. Бұл өз кезегінде жұмысшы күшіні қажет етпейтіндіктен қала тұрғындарының шаһарда өмір сүруіне, жалпы қала ұғымына балта шабады. Осыған ұқсас бөлшек сауданы да мысалға алсақ, сауда орталықтары қазіргі уақытта өз позициясын интернет дүкендерге беріп қоюда. Сауда халық шоғырланған, яғни, тығыз қоныстанған елді-мекенде өркен жаяды. Алайда, соңғы уақытта адамдар сауда орталықтарына бұрынғыдай жиі бас сұқпайды. Мәселен, АҚШ-ты алайық. 2010-2013 жылдар аралығында сауда орталықтарына тұрғындардың баруы тұп-тура 50%-ға кеміген екен. Мұндай жағдай Қытайда да қалыптасып отыр: алдағы бес жылдың ішінде аталған елде 4000 сауда орталықтарының үштен бірі жабылатын болады. Ал мұның салдары өандай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты.

0 пікір
Мұрағат