Темекі тұқылынан төнген қауіп
Темекі тұқылынан төнген қауіп
5 жыл бұрын 2362 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шегілген шылымның сүзгісінде тұрып қалған түрлі улы заттар қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп төндіретін болып шықты. Бұл жайында The Wall Street Journal мерзімді басылымы Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеу дерегіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Темекі тұқылы ыдыраған кезде көбісі улы болып табылатын 7 мыңға тарта түрлі химиялық қосындылар қоршаған ортаны ластайды екен. Саламатты өмір салтын насихаттайтын америкалық белсенділер теңіз бен өзен жағалауына тасталған тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстың есебін «түгендепті». Нәтижесінде 5,5 млн темекі тұқылын тауып алған. Басқа пластик, қалайы ыдыстар мен қоқысты есептемегенде.

0 пікір
Мұрағат