Тарихта тұңғыш рет: биткоиннің бағамы 2000 доллардан асып жығылды
|
Мамыр айының 20-ы күні тарихта тұңғыш рет биткоинның бағамы 2000 доллардан асып жығылды. Мамыр айының 21-і күнгі дерек бойынша биткоиннің бағамы 2086,08 долларды құраған. Бұл жайында CoinDesk ақпарат көзі хабар таратты. Айта кететіні, биыл биткоиннің бағасы 100 пайыздан аса өскен. Наурыз айында жылдық минимумнан (891,51 доллар) кейін 125 пайызға өскен. Ал сәуір айында Bloomberg агенттігі мына көршіміз - Ресей Федерациясының қаржы министрінің орынбасары Алексей Мойсеевке сілтеме жасай отырып, ел билігі заңсыз ақша аударымдарына жол бермеу мақсатында келесі - 2018 жылы биткоинді және өзге де криптовалюталарды заңдастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Айта кетейік, 2013 жылдың қаңтар айында биткоиннің бағамы 1000 доллардан асқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды