Соя тұздығына тыйым салды
Соя тұздығына тыйым салды
7 жыл бұрын 3962 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің қоршаған ортаны қорғау және климат министрлігі мамандандырылған, аккредиттелген зертханадан өткен сынақ нәтижесінде құрамынан алкогол табылғаны үшін соя тұздығынан бас тартуға шақырды. Мейрамхана мен асхана қожайындарын.Тексеру барысында белгілі болғандай, соя тұздығының құрамынан 2% пайыз спирт табылған. Ол өз кезегінде сұлы крахмалының ферменттелу процесінде пайда болады. Сөз орайы келгенде айта кетейік, аталмыш елде алкогол айналымы қатаң қадағаланады. Бұл елде алкогол өнімдері арнайы лицензиясы бар сауда орындарында, қонақ үйлерде тек белгілі бір шарттармен ғана сатылады. 

0 пікір
Мұрағат