Ширек ғасырға жетпей қандай аса маңызды пайдалы қазбалар мүлдем таусылады
Ширек ғасырға жетпей қандай аса маңызды пайдалы қазбалар мүлдем таусылады
5 жыл бұрын 5965 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының көбеюіне әрі соған орай тұтыну деңгейінің артуына байланысты кейбір пайдалы қазбалар ширек ғасырға жетпей мүлдем таусылатын болады. 

1. Индий

Қоры: 5-10 жыл

Сирек кездесетін бұл метал түрін біз күнде қолданамыз. Индия негізінде алынатын химиялық қоспа сұйық кристалды әрі сенсорлық экранның маңызды элементі болып табылады. Әлемдік телефон мен оргтехника нарығы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты онсыз де сирек кездесетін металдың бұл түрі түгесілуге жақын қалды.  

2. Мырыш

Қоры: 15 жыл

Мырышты пайдалану мөлшері соңғы уақытта рекордтық деңгейге жеткен. Осыған байланысты оның бағасы да шарықтап кеткен. Мәселен, күнделікті пайдаланатын мырышты шелекті біздің немерелеріміз тарихи жәдігер ретінде қарайтын шығар. 

 

3. Қалайы

Қоры: 16 жыл

Адамзат алғаш болып, осыдан 5000 жыл бұрын пайдалана бастаған металдардың бірі. Мырыш пен жездің балқытылған қоспасынан алынған қола жер бетіндегі технологияның дамуына түрткі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Қалайы әлі күнге көптеген осы заманғы технологиялық процестерде пайдаланылып келеді.  

 

4. Қорғасын

Қоры: 19 жыл

Әлемдік нарық, міне, бірнеше жүздіңжылы болды, қорғасын тапшылығынан зардап шегіп келеді. Оның бағасы да тапшылығына байланысты шарықтап кеткен. Егер алдағы уақытта оны екінші мәрте пайдалануға жарайтындай етіп қайта өңдеу тәсілін тапсақ, қорғасын алтыннан да қымбат металға айналады.  

 

5. Күміс

Қоры: 20 жыл

Күміс тек сән үшін зергерлік бұйымдарды жасауда ғана қолданылып қоймайды, сонымен қатар, осы заманғы технологияға керекті ең негізгі металдардың бірінен саналады. Нақтырақ айтқанда, ол фото-электрлі панелдер өндірісінде қолданылады. Күн энергиясын алу үшін. Жаһандық жылыну мен климаттық өзгерістерге себеп болып отырған қазба отын шикізатынан адамзат бас тартатынын ескерсек, алдағы уақытта жаңғыртпалы энергия көздеріне жаппай ұмтылатындықтан күміске сұраныс артатын болады.  

0 пікір
Мұрағат