Шала туған шақалақ туралы аз-кем дерек
Шала  туған шақалақ туралы аз-кем дерек
5 жыл бұрын 9055 Ықшамдалып алынды. Редакциялаған islam.kz cайты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше жыл сайын жер шарында 15 миллионға тарта нәресте шала туылса, Қазақстанда әрбір оныншы бала айы-күні толмай, уақытынан бұрын өмірге келеді. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. Статистикалық деректер балалардың шала туылуы азаймай отырғандығын көрсетеді. Дегенмен де шақалақтардың өмірін сақтап қалу көрсеткіші артып келеді. Осыдан бес-алты жыл бұрын шала туған нәрестелердің тек жартысына жуығын аман алып қалу мүмкін болса, қазір бұл көрсеткіш анағұрлым артып, шақалақтардың 87-88 пайызы ширап кететін деңгейге жеткен. "Жыл сайын елімізде 250 мыңға тарта бала уақытына жетпей туады", - Қарағанды облыстық перинаталды орталықтың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Виноградская. Сөз орайы келгенде айта кету керек, шала туғандарға салмағы 1500 келіге жетпейтіндер жатқызылады. Шала туу көбіне жүктілік кезінде дұрыс күтінбеуден, инфекция түсуден, экологиялық ахуалдан, т.б. факторлар әсер етеді. Бала аман қалған күннің өзінде кейін оның денсаулығына кері әсері тимей тұрмайды. Шала туудан жылына шамамен 500 мың шақалақ шетінеп кетеді. Бұл перинаталдық өлім-жітімнің 10 пайызын құрайды. 

0 пікір
Мұрағат