Робот тележүргізуші (видео)
Робот тележүргізуші (видео)
5 жыл бұрын 4480 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың "Синьхуа" мемлекеттік ақпарат агенттігі әлемдегі тұңғыш жаңалықтар тарататын виртуалды тележүргізушіні жұрт назарына ұсынды. Роботтың сыртқы келбеті, қимыл-қозғалысы адамды барынша айнытпай салғандықтан оның робот екеніне көп адам сенген жоқ. Жасанды интеллекті арқасында ол адамдардың дағды-машығын игеріп, өз-өзін жетілдіретін болады. Виртуалды тележүргізушіні Чжэцзян провинциясы аумағында қараша айының 7-і күні өткен интернет бойынша дүниежүзілік конференция кезінде таныстырылды. Келесі күн ол ресми түрде жұмысына шықты. Мұндай дикторлар екеу: біреуі жаңалықтарды ағылшын тілінде, ал екіншісі қытай тілінде таратады. Синтезделген дауыспен синхрондалған виртуалды "қуыршақтың" көмегімен аталған ақпарат агенттігі телеарналардан, сайттардан, порттардан, телефон құрылғысынан , тағы басқа да ақпарат көздерінен жаңалықтарды жедел жеткізуге мүмкіндік алады. "Синьхуа" өкілдері технологияның құпиясын ашудан бас тартып отыр. Бір белгілісі, робот тележүргізуші тәулік бойы жаңалықтар тарататын болады. 

 

0 пікір
Мұрағат