Қызықты дерек: мұнайдан кейінгі табыс көзіне айналған - анализ тапсыру...
Қызықты дерек: мұнайдан кейінгі табыс көзіне айналған - анализ тапсыру...
6 жыл бұрын 4788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Табыс табу үшін жекелеген тұлғалар заңды жолмен де, заңсыз жолмен де түрлі бизнес жобаларды, кәсіп түрлерін игеруді қолға алып жатады. Алайда, кей мемлекеттер ел қауіпсіздігіне қатысты шаралардың өзін табыс көзіне айналдырып отыр. Сондай елдердің бірі - Ирак дер едік. Соғыс пен қарулы қақтығыстан көз ашпаған бұл елдің шекарасынан өттің бе, күретамырдан қан тапсыруға міндеттісің. Ирак билігіне айықпас дертке, дәлірегі, ЖИТС-ке шалдықпағаныңды дәлелдеуің керексің осылайша. Егер аталған ауру бойыңнан табылса, онда шекарадан кері қайтасың, яғни, депортация. Бір қан тапсыру құны - 20 доллар. Бір адамға. Қан тапсыру аталған елдің мұнайдан кейінгі екінші табыс көзіне айналып отыр. Яғни, мемлекеттік бюджеттің екінші статьясына жатады. Соғыс жүріп жатқан, экономикасы шатқаяқтаған елге келушілердің қарасы көп. Қарулы қақтығыс қатеріне қарамастан. Олардың дені тарихи әрі мәдени мұрасы бай елге ат басын бұрған туристер, сондай-ақ, әскерилер, жалдамалылар, жұмыс іздеушілер (мұнайлы ел екенін ескеріп келгендер), т.б. Ел арасында "қанды штамп" атанған кедендік рәсім осы елге аттанған әрбір адамға міндетті. 

0 пікір
Мұрағат